Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне барып, Құран бағыштады

Қырғыз Республикасына ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етті, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне барып, Құран бағыштады
Фото: Ақорда

Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталған болатын.

Осыдан кейін президентті осы кешеннің атаун қойып кеткен Шыңғыс Айтматовтың да зиратына барып, Құран бағыштаған.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады», - деп хабарлайды Ақорда.