Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбеде күйеуі ұрғаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартқан әйел көз жұмған

Ақтөбе қаласының №2 соты әйелін ұрып өлтірген ер адамға үкім шығарды, деп хабарлады жоғарғы сот.

Ақтөбеде күйеуі ұрғаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартқан әйел көз жұмған
фото: Sputniknews

Сотта анықталғандай, ер адам әйелінің басынан бірнеше рет ұрған. Содан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, әйел төсектен тұрмаған және үйден шығуды қойған. 

"Шақырту бойынша алғаш келген жедел жәрдем мамандары ауруханаға жатқызуды ұсынғанмен, жәбірленуші одан бас тартқан. Екінші рет жәдел жәрдем шақырған кезде ол ауруханаға жеткізілген, бірақ жансақтау бөлімінде қайтыс болған", - деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар, сот отырысы барысында сотталушының содан бір ай бұрын әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткені расталды. Үйде оның бетінен үш рет ұрған, ал жәбірленуші өзін қорғамақ болғанда тағы екі рет ұрған.️ Әйел соққыдан құлаған, бірақ ол кезде ауруханаға бармаған.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімге бас миының травматикалық ісінуіне қан кетумен жабық бас сүйек-ми жарақаты әкеліп соқтырған. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады.

Прокурор оны 10 жылға түрмеге жабуды сұрады. Сот сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айырды.