Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембайға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Сот Ернар Жиембайға ҚР ҚК екі бабы: 99-бап, 1-бөлім – "Адам өлтіру"; 24-бап, 3-бөлім – "Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу" бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.