Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жетісу облысында кәсіпкер субсидия қаражатын құмар ойындарға жұмсаған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті субсидия жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жетісу облысында кәсіпкер субсидия қаражатын құмар ойындарға жұмсаған
фото: Sputniknews

Күдікті ЖШС-нің басшысы бола отырып, екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдалану арқылы алаяқтық жасаған. Яғни, жалған құжаттардың арқасында ауыл шаруашылығы басқармасынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз түрде алып отырған.

Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты. Шығындарды растау үшін басқармаға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысулар туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылған.

"Сонымен қатар заңсыз алынған 110 млн теңге мөлшеріндегі субсидия күдікті тарапынан құмар ойындарға жұмсалған. Сот санкциясымен құны 300 млн астам теңге болатын зауытқа тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу түрі қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.