Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барады
Фото: Ақорда

"22 тамыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.