Апелляциялық алқа Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты сегіз сотталушының шағымы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Paryz.kz.
18 тамызда Шерзат ісі бойынша апелляциялық шағым қарала бастады. Барлық сегіз сотталушы өтініш берді, олар ақтауды немесе ішінара ақтауды сұрады.
Сот офлайн режимінде өтті. Процесті түсіруге тыйым салынған. Тараптарды тыңдағаннан кейін апелляциялық алқа бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.