Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Елімізде оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру жеңілдей түсті

Қазақстанда ата-аналар мен заңды өкілдер баласын бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталы арқылы ауыстыра алады, деп хабарлайды Paryz.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру жеңілдей түсті
Фото: pexels.com

Ведомство мәліметінше, онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар.

"Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады", - делінген хабарламада.

Қызметті алу үшін:

eGov.kz порталында тіркелу;

"Білім" - "Орта білім" бөлімінде "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру" қызметін таңдау;

Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;

Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.