Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Министр ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Министр ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты
Фото: ДСМ

Министрдің айтуынша, бүгінде жүйелі шараларға қарамастан, 6 өңірде - Ақмола, Жетісу, Жамбыл, Абай, Ақтөбе мен Қостанай облыстарында ана өлімінің өсуі байқалады.

Ал Ақмола облысындағы статистика республикалық көрсеткіштен 7 есе жоғары болып тұр. "Ана өлімінің басым себептері: ауыр экстрагенитальды аурулар - 55 % (10 жағдай) және акушерлік жағдайлар – 45 % (8 жағдай). Әрбір жағдай бойынша жан-жақты сараптама жүргізіледі", - деді Әлназарова үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ал Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Абай облыстарында нәресте өлімі жоғары болып отыр.

Нәресте өлімінің негізгі себептері:

перинаталдық кезеңдегі жағдай (47,7%);

туа біткен ақаулар (19,6%);

тыныс алу ағзаларының аурулары (7,6%).

"Сосын Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ұлытау облыстарында үй жағдайында тіркелген өлім-жітім көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 2 есе жоғары болып тұр", - деді министр.