Қазақстан Республикасы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындап, бұл бағытта кешенді шараларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды paryz.kz
Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – қоғамда адалдық пен парасаттылық құндылықтарын орнықтырудың маңызды құралы. Бүгін біз Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған негізгі шаралар туралы сөз етпекпіз.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және 2015 жылы жаңартылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдармен реттеледі. Бұл заңдар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыруды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдануды және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуді көздейді.
Сонымен қатар, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған маңызды құжаттар болып есептеледі
Ағарту және білім беру бастамалары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлі зор. Жастар арасында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы бағдарламалар енгізілуде.
Мысалы осы мақсатта ел аумағында «Адал ұрпақ» клубтары құрылды. Облыстардағы мектептерде құрылған бұл клубтар оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған.
Жоғары оқу орындарында да осындай бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті сияқты оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға арналған іс-шаралар, семинарлар және тренингтер өткізіледі.
Университетте сонымен қатар «Академиялық адалдық Лигасы» құрылып, Ар-намыс кодекстері енгізілген.
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мақсатында «Саналы ұрпақ – мәңгілік ел болашағы» форумы сияқты іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қоғамдық ағарту және ақпараттық науқандар
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін ақпараттық-ағарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және медиа-ресурстар арқылы сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған кампаниялар ұйымдастырылады. Мысалы 9 желтоқсан күні БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына сәйкес елімізде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні атап өтіледі. Бұл күні түрлі акциялар, дөңгелек үстелдер мен ағартушылық іс-шаралар өткізіледі.
Сол секілді түрлі ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жұмыс істейді, олар қызметкерлер мен азаматтарды заң бұзушылықтар туралы хабарлауға шақыратын «жедел желілер» ұйымдастырылады.