Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жамбыл облысында жұмысшы қытайлық бастығын соққыға жықты

Мойынқұм аудандық соты Жамбыл облысындағы зауыттардың бірінде болған жанжалға нүкте қойды. Істің материалдарына сүйенсек, қазақстандық жұмысшы өз басшысын — Қытай азаматын ұрып-соққан, деп хабарлайды Paryz.kz smartnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жұмысшы қытайлық бастығын соққыға жықты
Фото: paryz.kz

Оқиға 2025 жылғы маусым айында болған. Жұмысшы инженер қызметін атқаратын шетелдік азаматтан жұмыс уақыты табелін қол қоюды сұраған.

Алайда басшысы қол қоюдан бас тартқан кезде, ашуға булыққан жұмысшы оның беті мен денесіне бірнеше рет соққы жұмсаған. Жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алмағанымен, физикалық ауырсыну сезінгенін мәлімдеген.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтып, кешірім сұраған. 

Алайда қытайлық инженер кешірім беруден бас тартып, моральдық зиян үшін өтемақы талап еткен. Сот айыпталушыны 40 АЕК (157,2 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеп, сонымен қатар жәбірленушіге 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеу туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.