Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды

Елорда соты «Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды
Фото: Kazinform

Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемде, адамдар тобы болып жасаған алаяқтық) және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.