Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Түркістан облысында 45 градус ыстық тас жолдарды ерітіп жіберген

Түркістан облысындағы «Шымкент-Тараз» бағытындағы тас жолдың бойындағы тас жол еріп кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz «Отырар» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Түркістан облысында 45 градус ыстық тас жолдарды ерітіп жіберген
Фото: otyrar.kz

Дереккөзге сүйенсек, тас жолдың 635-500 шақырымындағы жол бүлініп қалған.

Жол мамандары қазір жолдың балқып кеткен жерлерін жөндеп, жаңа қабатын төсеп жатыр.

«Аймақта ауа температурасы аяқ асты +40, +45 градусқа дейін ысып кеткендіктен, жолдар бүлінген», - деп жазды телеарна. Бұған дейін біз Қазақстанның бірқатар өңірде 42 градус ыстық келе жатқанын хабарлаған едік.