Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанда айыппұлдың жаңа түрін енгізу жоспарланып отыр

Үкімет отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов көші-қон саласындағы өзгерістер және жаңа айыппұл туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда айыппұлдың жаңа түрін енгізу жоспарланып отыр
Фото: gov.kz

Әленовтің айтуынша, Ішкі істер министрлігі заңнамалық базаны белсенді түрде жетілдіріп жатыр. Оның сөзінше, көші-қон бақылауын күшейту мақсатында түзетулер әзірленген.

"Өткен аптада елде 30 күннен астам болуды жоспарлаған шетел азаматтарын тіркеу институты, сондай-ақ "көші-қон қаупі бар" елдерден келген адамдарға шақыру беруден бас тартуды Ішкі істер министрлігінің құзыретіне енгізетін заңға қол қойылды. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске шетелдіктерді тіркеу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесі пысықталып жатыр", - деді спикер.