Қостанайда соққыға ұшырап, комаға түскен хирург есін жиды, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі 7-арнаға сілтеме жасап.
Науқас жансақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылды. Ол 19 шілдеде ауыр сүйек-ми жарақатымен Астанаға санавиация ұшағымен жеткізілген еді. Қазір оның жағдайы бастапқыдан жақсарған.
Еске салсақ, Қостанайда кезек күткісі келмеген 34 жастағы пациент дәрігер Антон Кистановқа шабуыл жасаған. Салдарынан дәрігер ауыр жарақат алып, есінен танып қалған.