Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алдағы тәуліктерде елімізде күн райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алдағы тәуліктерде елімізде күн райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, кезеңнің басында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі.

«19 шілдеде солтүстікте, орталықта, 20 шілдеде республиканың шығысында – қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Кезеңнің соңында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс антициклоны жылжып, ол жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауылмен бірге жүреді. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болжанады. Алдағы күндері батыста және оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 43°С дейін, солтүстік-батыста және шығыста – 40°С, оңтүстік-шығыста – 42°С дейін күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.