Қазақстанның ұлттық банкі базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Банк мамандары базалық мөлшерлемені өзгертпеуге келісті.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,50% деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т. құрады", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме әлі де көтерілуі мүмкін екенін айтқан болатын. Себебі "инфляция өскен сайын бізге де базалық мөлшерлемені көтеруге тура келеді".