Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Мәйітті қорлаған: Шымкентте жантүршігерлік қылмысқа үкім шықты

Шымкент қалалық сотында жұртшылықты дүр сілкіндірген қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мәйітті қорлаған: Шымкентте жантүршігерлік қылмысқа үкім шықты
фото: Бауыржан Жуасбаев

Бойжеткенді аса қатыгездікпен өлтіріп, артынша мәйітін қорлаған 19 жастағы жігіт пен оның кәмелетке толмаған танысына қатысты үкім шығарылды.

Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылдың 12 наурызында Т. есімді 19 жастағы жігіт бұрыннан таныс Е. Есімді бойжеткенмен жанжал кезінде оны өлтірген. Қылмысынан кейін ол мәйітке қорлық көрсеткен. Ізін жасырмақ болған Т. кәмелетке толмаған С. есімді танысын көмекке шақырып, екеуі бірге марқұмның денесін басқа жерге апарып тастаған. Сотталушылардың өз мойындарына алған жауаптары, куәгерлердің айғақтары, заттай дәлелдер мен сот сараптамаларының қорытындылары олардың кінәсін толық дәлелдейді, - делінген сот үкімінде. 

Сот Т.-ның бұрын сотты болмағанын, жасын (19 жаста) және кінәсін ішінара мойындауын ескеріп, жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қабылдады.

Ал С.-ға қатысты кінәсін толық мойындауы, өкініш білдіруі, жасы кәмелетке толмағаны және үшінші топтағы мүгедек екені ескерілген.

Сот шешімі бойынша: Т. ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 14) тармағы және 314-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 22 жылға бас бостандығынан айырылды. С. ҚР ҚК 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, алайда амнистия актісі негізінде жаза 1 жыл 4 айға дейін қысқартылды. 

Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.