Сайрамсу өзенінен 27 жастағы әйелдің денесі шығарылды. Бұл туралы Paryz.kz агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдай 29 маусым күні Төле би ауданына қарасты Касқасу ауылындағы «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркінің аумағында болған. Әйел отбасымен демалып жүргенде белгісіз жағдайда суға құлаған.
Орман шаруашылығы қызметкерлері мен туыстарының көмегімен әйелдің денесі Сайрамсу өзенінен кешке қарай табылды.
Әйел жүктіліктің соңғы айында болған. Анық-қанығын құзырлы органдар тергеу барысында жариялайтын болады. Биыл Түркістан облысында 39 адам суға кеткен ТЖД дерегінше, шомылу маусымы басталғалы бері өңірде 5 адам, оның ішінде 2 бала суға батып, көз жұмған.
Ал 2025 жылдың басынан бері Түркістан облысында 39 адам суға кетіп, көз жұмды. Қауіпсіздік ережелерін елемеу – басты себеп Құтқарушылардың айтуынша, судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себебі – қауіпсіздік талаптарының еленбеуі.
Мамандар демалыс кезінде рұқсат етілмеген орындарда шомылмауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және құтқару құралдарын қолдануға шақырады.