Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды.
1991 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді экономист мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы ЭНИ-АДЖИП, ЦОНП магистратурасын бітіріп, мұнай әкімшілігі магистрі квалификациясын алды.
2016 жылы Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетін «әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты (2004).