Бұрынғы Мәжіліс депутаты, қазіргі Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағалығы қызметінен кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл ақпаратты партияның баспасөз қызметі растады.
Айта кетсек, биыл 24 ақпанда Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Одан кейін Руслан Берденовтің Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды.