Прямая трансляция

Астана

Астана

13.07°C

Семейде жолаушы жүріп бара жатқан автобус жүргізушісін ұрған

25 маусым күні сағат 13:00 шамасында Семей қаласында №2 бағыттағы автобуста жолаушылардың бірі жанжал шығарып, көлік қозғалысы кезінде жүргізушіге соққы жасаған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Семейде жолаушы жүріп бара жатқан автобус жүргізушісін ұрған
фото: видеодан скриншот

Автобустағы жолаушылар ер адамды тоқтатуға тырысқан.

Абай облысының полиция департаменті құқық бұзушының жеке басы анықталғанын хабарлады. Ол – 45 жастағы семейлік тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта ол ұсталып, оған қатысты процессуалдық шаралар басталды.

"Жолаушының әрекеті барлық жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді. Мұндай әрекетке жол берілмейді және ол үшін қатаң заңды жауапкершілік қарастырылған", – деп мәлімдеді полиция.