Астанада бойжеткенді пышақтап өлтіріп кеткен Артынша інісін де жарақаттағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полиция бұл ақпаратты растады. Астанада адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияға тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде пышақ жарақаты туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнынан зорлық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Оның кәмелетке толмаған інісі де жарақат алып, пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Желіде тараған ақпарат бойынша күдікті – қыздың бұрынғы жігіті.