Алматы қаласында 20 жыл бойы құжатсыз жүрген зейнеткер әйелге жеке куәлік табысталды, деп хабарлады Paryz.kz.
1964 жылы туған әйел кеңес үкіметі кезінде алған төлқұжатын жоғалтып алған. Содан бері 20 жыл өтті.
"Бұл жағдай әйелдің әлеуметтік жағдайына да кері әсерін тигізген. Ол зейнетақы рәсімдей алмады, заңды баспанасы болмай, өмірін тұрақсыз жағдайда өткізуге мәжбүр болған", - дейді көші-қон қызметінің мамандары.
Олар қажетті анықтамаларды жинауға көмектесіп, зейнеткер әйелге жеке куәлік шығарып берген. Қазіргі кезде құжат алған әйелге зейнетақы мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді рәсімдеуге қажетті көмек көрсетіліп жатыр.