Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

Қазақстан Ираннан 109 азаматын аман-есен қайтарды

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан Иран Ислам Республикасының аумағынан 109 азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды

Қазақстан Ираннан 109 азаматын аман-есен қайтарды
Фото: СІМ

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеп, әуежайдан сурет таратты.

Сыртқы істер министрлігі құзыретті мемлекеттік органдар мен шетелдегі дипломатиялық қызметтердің арқасында Қазақстан109 азаматын аман-есен қайтарған.

«Олар достас мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзит арқылы эвакуацияланды, атап айтқанда 89 адам Түрікменстан арқылы және 20 адам Әзербайжан арқылы Ираннан эвакуациялады», - деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Сыртқы істер министрлігі Иран, Түрікменстан және Әзербайжан билігіне қазақстандықтардың бүкіл бағыты бойынша қауіпсіз және уақтылы өтуін қамтамасыз еткені үшін ризашылығын білдіреді.