Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Айтбек Амангелді Шерзат ісіне қатысты қомақты ақша алған: Адвокат сұмдық дерекпен бөлісті

Шерзат ісі сотындағы адвокат Мейірман Шекеев көпшіліктің назарын аударған Шерзат Полат ісіне қатысты маңызды мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz janabastau.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап


Айтбек Амангелді Шерзат ісіне қатысты қомақты ақша алған: Адвокат сұмдық дерекпен бөлісті
фото: әлеуметтік желіден

Адвокат жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған болатын. Сұхбат барысында Мейірман Шекеев қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл істің құқықтық және адамгершілік салмағына тоқталды.

Ол Айтбек Амангелді мен жәбірленуші тарап арасында туындаған түсініспеушілік, істі өз пайдасына пайдаланып, "хайп" қуған кей адвокаттардың әрекеті, сондай-ақ жалған куәлік берген азаматтардың жауапкершілігі жайында ашық пікір білдірді.

Адвокаттың айтуынша, Талғар аудандық сотының үкімі шыққаннан кейін Шерзат Полаттың отбасы ауыр психологиялық жағдайға тап болған. Ол бұл оқиға халыққа сабақ боларлықтай маңызды оқиға екенін жеткізді. Сонымен қатар, Мейірман Шекеев құқық қорғау саласындағы әділеттіліктің, кәсіби этиканың маңызын атап өтіп, көпшілікке ой салды.