Гонконг технологиялық университетінің мамандары МРТ суреттерінен сүт безі ісігін тануға қабілетті MOME деп аталатын нейронды желіні ойлап тапты, деп хабарлайды Paryz.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
South China Morning Post басылымы MOME нейронды желісінің жаңа моделі Қытайдың 10 ауруханасында сәтті сынақтан өткенін жазды. Зерттеушілердің айтуынша, оны қолдану биопсия санын азайтты.
«Ғалымдардың пікірінше, MOME желісін қолдану арқылы диагноз қоюды жылдамдатуға және жеңілдетуге болады», - деп жазды басылым.
Дегенмен алгоритмнің тиімділігіне қарамастан, әрбір жағдай бойынша соңғы шешімді әлі де дәрігер қабылдайды, бұл диагностикалық қателіктің қаупін азайтады.
Биопсияның қандай кемшілігі бар
Биопсия – зертханада зерттеу үшін науқастың денесінен әртүрлі жасушалар мен тіндердің үлгісін алу әдісі. Оның жоғары диагностикалық құндылығына қарамастан, бірқатар ерекшелігі бар. Ең алдымен, бұл денеге араласуды қажет ететін инвазивті процедура, ол ыңғайсыздықты, ауырсынуды және кейде асқынуды тудыруы мүмкін. Тағы бір кемшілігі – жалған нәтиже алу мүмкіндігі. Егер тін үлгісі ең көп зақымданған аймақтан алынбаса, патология байқалмай қалуы ықтимад, ал нәтиже жалған болып шығады.