Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильде жүрген Қазақстан азаматтары үшін жедел желі ашып, ескерту жасады, деп хабарлайды
Қандай да бір қиындыққа тап болған азаматтар Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің мына байланыс нөмірлеріне хабарласа алады:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші) +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp) +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp) +7 700 111 31 96 (WhatsApp) «Сақтық пен қырағылық танытыңыздар»
Елшілік Қазақстан азаматтарын сол елдің әскері бекіткен нұсқаулықты орындап, қырағы болуға шақырды.
«Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды», - деп жазылған елшіліктің ақпаратында.