Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Негізгі ҰБТ басталғалы бері 164 мың рет тест тапсырылды.
Оның ішінде: талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады;
орташа балл – 65 балл (бес пән бойынша);
ең жоғары балл – 140 балл; ерекше білім беру қажеттілігі бар 477 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 208 адамның нәтижесі жойылды.
Атап өтсек: тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 98 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 108 адам шығарылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ. Қатысушылардың 18%-ы "Математика-Физика" комбинациясын, 15%-ы "Биология-Химия", 14%-ы "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған. Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді.