2024 жылы Алматы бюджетіне 2 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Оның 93% - ы өз кірістерін құрады. Бұл туралы мәслихаттың кезекті сессиясы барысында қалалық Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
«2024 жылы меншікті кірістер жергілікті бюджеттің барлық түсімдерінің 93%-ын құрады. Қала бюджетіне барлығы 2, 013 трлн теңге түсті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 22,2% - ға артық», - деді Қанат Сухамбеков.
Бюджеттің әлеуметтік бағдарлануы қамтамасыз етілді, ол 2024 жылы 1,6 трлн теңгеден астам соманы құрады.
Оның ішінде әлеуметтік салаға (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және туризм) жұмсалған шығыстар 38,7% —ды. құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 12,8% - ға артық.