Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Шерзат ісі: сот үкімі 5 маусымда шығады

Талғардағы қанды оқиға кезінде қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың ісі бойынша үкім 5 маусымда оқылады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Шерзат ісі: сот үкімі 5 маусымда шығады
фото: видеодан скриншот

«Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығады. Үкім 2025 жылғы 5 маусымда сағат 16.00- де жарияланатын болады», - деді судья Ержан Жанұзақов.

Жасөспірімнің өліміне қатысты сот отырыстары Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтті.

Сотталушылардың бәрі істеген ісі үшін өкінетінін айтты.