Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісімен енді Бас прокуратура айналысады - СІМ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытайда жүріп есірткі саудасы бойынша күдікке ілініп, өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қандай сатыда екенін айтты.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісімен енді Бас прокуратура айналысады - СІМ
Фото: Kazinform

– Бас прокуратура желісі бойынша жұмыс жүріп жатыр. Біз істеуіміз керек жұмыстың бәрі істелді. Ары қарай Бас прокуратура желісі бойынша ақпарат алмасу болады, - деді ол ведомствоның дәстүрлі баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, Қазақстан дипломаттары жыл сайын шетелде түрмеде отырған Қазақстан азаматтарына барып, кездесіп отырады.

– Бұл – біздің күнделікті күйбең жұмысымыз. Ол бағытта жұмыс жүріп жатыр. Биыл дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбайға барды ма, жоқ па, оны қазір нақты айта алмаймын, - деді Айбек Смадияр.