Прямая трансляция

Астана

Астана

28°C

Балалар «Ақорда» резиденциясына экскурсияға барды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды.

Балалар «Ақорда» резиденциясына экскурсияға барды
Фото: Ақорда

Президент резиденциясына оқу үздіктері, пән олимпиадаларының, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, спорт сайыстарының жүлдегерлері, батыл әрекетімен көзге түскен балалар барды.

Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында көпбалалы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше қажеттілігі бар жеткіншектер де бар. 

"Экскурсия кезінде оқушылар Ақорданың орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған залдарды, мемлекет басшысының кітапханасын, сондай-ақ резиденция аумағындағы бақты аралады", - деп жазылған хабарламада.

Экскурсоводтар ғимарат құрылысының тарихы, оның ерекшеліктері мен мұнда өтетін іс-шараларға байланысты қызықты фактілер жайында мәлімет берді. Сонымен қатар оқушыларға президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.