Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
"Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын!" – деп жазды Тоқаев Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.
Айта кетері, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.