Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Тоқаев Google компаниясының өкілін қабылдады

Астана халықаралық форумы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингпен кездесті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев Google компаниясының өкілін қабылдады
фото: akorda.kz

Ақорда жазғандай, президент компанияның еліміздегі цифрлық трансформацияға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу жөнінде стратегиялық мақсат қойғанын жеткізді. Аталған стратегия тіршіліктің барлық саласына жасанды интеллектіні енгізуді көздейді. Ол үшін еліміз цифрлық және коммуникациялық инфрақұрылымға, сондай-ақ есептеу қуатын арттыруға белсенді түрде инвестиция құйып жатыр», - деп хабарлайды Ақорда.

Патрик Ворнкинг жасанды интеллектіні пайдаланып, цифрлық келешекке жол ашу үшін инфрақұрылым әзірлеу және маман даярлау ісінде Қазақстанның қол жеткізген табысына жоғары баға берді.