Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Фото: ЕЭАО

Әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, президенттер екі ел арасындағы достыққа, тату көршілікке және одақтастыққа негізделген мемлекетаралық байланыс қарқынды дамып келе жатқанын айтты.