Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Қарағандыда асыранды балалар қорлық көргендерін айтты

Қарағандыда асыранды балаларды азаптап, қорлау дерегі бойынша сот болып жатыр. Бүгінгі отырыста қорлық көрген жетімдер түсініктеме бере бастады, деп хабарлады Paryz.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қарағандыда асыранды балалар қорлық көргендерін айтты
фото: видеодан скриншот

Қора-қопсыны тазалау сияқты қара жұмысқа жегіліп, үнемі ашқұрсақ жүрген баланың бірі қалай мүгедек болып қалғанын айтып берді.

Тағы бірі тоқпақтың күшімен сол үйдің ұл‑қызын ханзада мен ханшайым деп атауға мәжбүрленгенін де жеткізді. Бала патронат отбасында тұрған бес жылда көрмеген қорлығы болмағанын айтып отыр. Ал оны баққаны үшін бюджеттен алатын ақшаға екі рет қора тазалауға киетін резіңке етік алып беріпті. Бір рет спорт аяқ киімін алғанын айтады. 

Содан бері жаңа киім киіп көрмеген, ел беретін ескі-құсқыны киген.

— Отбасындағы адамдарды қалай атап жүрдіңдер?

— Бізге айтатын, оларды "ханым", "ханзада" деп атаңдар деп.

— Нұрайым, сіздерге тек макарон берді ме, әлде тағы басқа болды ма?

— Фасоль беретін.

— Сендерді азаптау үшін тағы бірдеңе жегізетін бе еді?

— Иә, сиырдың жапасын. Тағы бір бала үй иелері қит етсе, көкала қойдай қып сабап, нәр таттырмай қоятынын айтты.

Сарапшылар үнемі таяқ жеп келген балалардың денесінен 19‑дан 47-ге дейін тыртық барын анықтаған.

Сол үйде жүріп 8 жасында оқтаумен басы жарылған тағы бір бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Басының бір бөлігінде пластина тұр, қазір ол мүгедек.

"Менің басымды оқтаумен жарды, "әткеншектен құладым" деп айта сал деді. №45 кварталда ауруханада жатқан кезде дәрігерлерге "мені оқтаумен ұрды" деп айттым. Мына жерімнен оқтаумен ұрды, мына жеріме пластина қойды. Мына жерімді тікті", - дейді ол.

Осы жайттан кейін жәбір көрген бала балалар үйіне қайтып, азаптан құтылған.

Қалған балалар үйде көріп жүрген қорлығын мектепте мұғалімдерге жеткізіп отырдық дейді. Бірақ сол кезде елең еткен пенде болмаған. Қылмыстық іс одан әлдеқайда кейін қозғалып отыр. Сотта қалған балалардан да жауап алынатын болады.