Қазақстандықтар биыл да қашықтықтан құрбан шала алады. Мүфтият арнайы сайт іске қосылғанын хабарлады.
Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, төлем жасайды.
"Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады", - дейді мүфтият.
Тапсырыс сәтті өтсе, ұялы телефонға хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң, оның фото және видео есебі жіберіледі.