Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

13 көлікті заңсыз иемденген: Жетісуда ірі алаяқтық қылмыс әшкереленді

Жетісуда ірі алаяқтық қылмыс әшкереленді, деп хабарлайды Paryz.kz.

13 көлікті заңсыз иемденген: Жетісуда ірі алаяқтық қылмыс әшкереленді
Фото: polisia.kz

Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында автокөліктерді заңсыз иемденуге байланысты ірі алаяқтық дерегі анықталды. 33 және 34 жастағы екі ер адам алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы 13 автокөлікті иемденіп, жалпы сомасы 314 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

"Алаяқтардың алғашқы құрбаны Қытай азаматы болған. Олар бұл азаматқа автокөліктерін Грузияға жеткізіп беруге келісіп, нәтижесінде алты көлігін алып кеткен. Бұл Jetour үш автокөлігі, Mercedes C260, Mercedes C260L және Mercedes GLC 260L. Кейін бұл көліктер Шымкент пен Жамбыл облысына жеткізіліп, таныстарына сатқан", делінген хабарламада.

Алаятық әрекет мұнымен тоқтамаған. Олар көлік тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкерді де алдаған. 

Беларусь Республикасына көлік жеткізу үшін автокөлік тасымалдайтын көлігі бар жүргізуші іздеген кәсіпкер алаяқтармен танысып, сан соғып қалды.

"Бұл жолы олар жеті көлікті иемденген: Range Rover, Mini Cooper SE, Li 7 (үш автокөлік) және Li 9 (2 автокөлік). Қытайлық бес көлік Жамбыл облысына жеткізіліп, алаяқтардың ортақ танысына сатылса, қалған Range Rover мен Mini Cooper SE Алматыда арзан бағамен өткізілген", - дейді Polisia.kz.

Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктілер қамауға алынды.