Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 23 - 24 мамыр аралығында қатты жауын жауып, таулы аймақтарда су деңгейінің көтерілуі ықтималдылығы жоғары, деп хабарлайды Paryz.kz.
– Өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі. Осыған орай, алматылықтарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ төтеншеліктер қала тұрғындары мен қонақтарына тауға аттанбауға кеңес берді.
«Қазгидромет» кәсіпорыны таратқан деректерге қарағанда, бүгін Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсерін тигізеді. Соның салдарынан жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.