Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

ҰБТ-да 140 балл жинаған оқушыға пәтер берілді

Түркістан облысында ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинаған түлек Жәнібек Әбілханға пәтер берілді.

ҰБТ-да 140 балл жинаған оқушыға пәтер берілді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Жәнібекке пәтер сертификатын ол тестке дайындалған білім орталығы табыстады.

"Баспана ол оқуға түскен қаладан сатып алынады", - деді орталық өкілдері.

Жәнібек көп балалы отбасынан шыққан, шағын Темірлан ауылында тұрады.

ҰБТ-да ол негізгі пән ретінде информатиканы таңдап, 2025 жылы ең көп ұпай жинаған алғашқы мектеп оқушысы атанды.