Шымкент қаласының Тұран ауданы прокуратурасының үйлестіруімен кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлеуден қасақана жалтарған борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Атап айтқанда, борышкер мүмкіндігі бола тұра өз міндеттерін орындамай ұзақ уақыт бойы 1 171 723 теңге берешекті өтемеген.
- Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа, сондай-ақ 2022 жылғы 11 шілдеде ұқсас құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Осыған байланысты соттың 2025 жылғы 16 мамырдағы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, - делінген Шымкент қалалық прокуратурасы хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Прокуратура алимент жөніндегі міндеттерін үш айдан астам уақыт орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру және 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жауаптылыққа тартылатынын ескертті.