Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде бірқатар құжат қабылданды

Мемлекеттер басшылары саммит қорытындысы бойынша  құжаттар қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде бірқатар құжат қабылданды
Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшылары саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылдады:

1. Түркі мемлекеттері ұйымының Будапешт декларациясы;

2. Мемлекеттер басшылары кеңесінің Ауғанстан жөніндегі мәлімдемесі;

3. Өзбекстан Республикасын Түркі мәдениеті және мұрасы қорына қосу туралы шешім;

4. Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының өкілеттілік мерзімін ұзарту туралы шешім.