Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Шудағы жүкті әйелдің өлімі: тексеру қорытындысы қашан жарияланады

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов Шудағы жүкті әйелдің өліміне қатысты тексеру іс-шараларына пікір айтты.

Шудағы жүкті әйелдің өлімі: тексеру қорытындысы қашан жарияланады
Фото: pexels.com

- Сараптама жасалып жатыр, соның нәтижелері шаққаннан кейін, комиссия тексеруінің қорытындысы жарияланады. Бұл оқиға бойынша Шу аудандық (ауданаралық орталық) ауруханасының бас дәрігері мен перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі атқаратын лауазымдарынан уақытша шеттетілді. Тексеру материалдары жарияланған соң, ары қарай тиісті шешім қабылданады, - деді Б.Жүсіпов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, министрдің тапсырмасы бойынша қазір Жамбыл облысындағы барлық ана мен бала денсаулығына жауапты медициналық ұйымдар тексеріліп жатыр. Олардың стандарттарға сәйкес қызмет көрсетуі егжей-тегжейлі қаралады.