Абай ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру барысында 125 орта мектеп қызметкерінің құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ауданның 11 мектебінде педагогикалық және техникалық қызметкерлер қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмеген.
Белгіленген нормативтерге қарамастан химия пәнінің мұғалімдеріне ақ халаттар, информатика пәнінің мұғалімдеріне компьютермен жұмыс істеу үшін қорғаныс көзілдіріктері, зертханашыларға қолғаптар мен қорғаныс алжапқыштар берілмеген.
Аталған бұзушылықтар қызметкерлердің қауіпсіз және гигиеналық еңбек жағдайларына конституциялық құқығын шектеді. Прокуратураның тексеруі нәтижесінде білім мекемелерінің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта мектептер қажетті жеке қорғаныс құралдарын сатып алу процедураларын бастады.