Прямая трансляция

Астана

Астана

19.77°C

Ақнардың қазасына қатысты сұмдық жайттар белгілі болды

КИМЭП университетінің марқұм түлегі Ақнар Гүлстанның қазасына қатысты тың жайттар белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақнардың қазасына қатысты сұмдық жайттар белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Ақнардың анасының айтуынша, сол күні қызы көршілес блоктағы екі құрбысына Қытайдан әкелген іш киімді көрсетуге барған. Анасының нұсқасы бойынша, дәл сол сәтте әлгі екі қыз – қызғаныштан Ақнарға күш көрсетіп, оны азаптай бастаған.

Ақнар өзін өлтірмек болғанын сезіп, бар даусымен көмекке шақырған.

Алайда Instagram-дағы aqnar_ushin парақшасында жазылған деректерге сәйкес, айқай естілгенімен, көршілердің ешқайсысы көмекке келмеген.

Оқиға болған жерде үшінші қыз – Дидар есімді бойжеткен де болған. Ол әжетханаға тығылып, есікті ішінен бекітіп алған. Кейінірек Дидардың Ақнардың анасына жолдаған дауыс жазбасы жарияланды.

Онда ол Ақнардың қиналып жатқанын естігенін және екінші қыздың оны буындырғанын айтқан.