2024 жылғы 20 желтоқсанда кешкі уақытта Рудный қаласында үш ер адам бірге отырып, ішімдік ішкен. Отырыс соңы жанжалға ұласқан, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жанжал барысында екеуі үшіншісіне жабылып, оны бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, қатыгездікпен азаптаған. Алған соққы мен жарақат салдарынан жәбірленуші сол жерде жан тапсырған.
Сот оларды қатыгез қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысын17 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Олар енді жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сонымен қатар, сот жәбірленуші тараптың талап-арыздарын ішінара қанағаттандырды.
Осылайша сотталғандардан марқұмның анасы мен әжесінің пайдасына моральдық зиян, материалдық шығын және өкіл қызметтеріне төленген шығындар үшін 24 483 000 теңге сомасында қаражат өндірілді.