"Қазгидромет" РМК 19 мамыр күні еліміздің 16 облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қарағанды облысында қатты жаңбыр, бұршақ және найзағай күтіледі. Жел екпіні 23–28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қаласында да түнде қатты жауын-шашын мен найзағай күтіледі.
Алматы облысының таулы және оңтүстік аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты дауыл болады деп болжануда. Жел екпіні – 18–23 м/с. Өңірдің батысы мен орталығында өрт қаупі жоғары, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласы мен Қонаевта да найзағай мен бұршақ күтіледі. Жамбыл облысында найзағаймен қатар бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін.
Солтүстік және оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Таулы аудандарда желдің жылдамдығы 23 м/с-ке дейін жетеді. Өрт қаупі облыстың бірнеше ауданында төтенше деңгейде.
Ұлытау облысының шығысында найзағай, ал кейбір бөліктерінде жел 28 м/с дейін күшейеді. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе, Қызылорда, Абай, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында да өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталып отыр.
Атырау облысында найзағай мен бұршақ күтіледі, жел 20 м/с дейін жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысында қатты жаңбыр, бұршақ және найзағаймен қатар 28 м/с-қа дейін жел соғады. Облыстың бірнеше бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында бұршақ пен нөсер жауын, найзағай, 28 м/с-қа дейін күшейетін жел күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында тұман түсіп, күндіз жел күшейіп, 15–20 м/с жетеді. Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Павлодар облысында найзағай, тұман күтіледі, кей аймақтарда желдің екпіні 20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында найзағай мен бұршақ болады деп болжануда. Күндіз желдің күші 20 м/с-қа жетуі ықтимал.