Прямая трансляция

Астана

Астана

25.84°C

Түркістандық әйел күйеуінің өлімі үшін облыстың полициясынан 14 млн теңге өндіріп алды

Түркістан қаласының ауданаралық соты полиция капитаны Т-ның қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болғанын мойындап, марқұмның жұбайының талап арызын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркістандық әйел күйеуінің өлімі үшін облыстың полициясынан 14 млн теңге өндіріп алды
фото: Azattyq Ruhy

Сот Түркістан облысының полиция департаментінен 14 миллион теңгеден аса біржолғы өтемақы өндіруге қаулы етті.

Марқұм болған Т. ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері абыройлы қызмет етіп, бірнеше марапатқа ие болған.

2022 жылдың 6 қазанында Жетісай аудандық полиция бөлімі басшылығы спорттық іс-шара ұйымдастырған. Сол кезде Т. командалар арасындағы кіші футболға қатысқан.

Оның кенеттен мазасы кетіп, көз жұмады. Алайда 2023 жылы Полиция департаменті өлімге байланысты Т-ның отбасына өтемақы төлеуден бас тартқан. Капитанның әйелі сотқа жолдаған арызында жолдасының қызметтік міндетін орындау барысында қайтыс болғанын айтып, біржолғы өтемақы мен моральдық зиянды өндіріп беруді сұраған.