Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров картоп бағасын төмендету үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Биыл министрлік ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп алқаптарын көбейтуді жоспарлап отыр.
"Жеке шаруашылықтарда емес, ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп өсіру көлемі 9 мың гектарға артады. Сондықтан биыл картопқа қатысты проблема болмайды деп ойлаймын, бағасы да төмендейді",-деді Сапаров үкіметте өткен брифингте.
Ал ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, қосымша картоп алқаптарының өнімі күзге қарай жиналады. Сол кезде баға түсуі керек.
"Мәселен, былтыр картоптың бағасы 100 теңге болды. Биыл 120-130 теңгеден бастадық. Енді бәрі нарыққа байланысты ғой. Дегенмен картоптың бағасы әлеуметтік осал топтар сатып ала алатындай деңгейде болады. Оған қоса, тұрақтандыру қорлары бар. Осылайша, біз картоптың тұрақты бағасын ұстаймыз", - деп түйіндеді Сұлтанов.