Прямая трансляция

Астана

Астана

29.87°C

Құрғақшылық жайлайтын 10 аймақ аталды

Мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ыстық әрі құрғақ болады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz baq.kz-ке сілтеме жасап 

Құрғақшылық жайлайтын 10 аймақ аталды
Фото: Pixabay

Министрдің айтуынша, тек астықты өңірлерде, тау бөктерлерінде және елдің оңтүстік қиырында жауын-шашын көлемі климаттық нормаға жуық болады деп болжанып отыр.

Қай өңірлерде құрғақшылық болады? Болжам бойынша, мамыр айында мына аймақтарда құрғақшылық болуы мүмкін:

• Қостанай облысының оңтүстігі;

• Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарының оңтүстік-батыс бөлігі; 

• Қызылорда облысының солтүстік-батысы;

• Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстігі;

• Қарағанды облысының оңтүстігі;

• Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының жекелеген аудандары.

Нысанбаев астық егетін аймақтарда егін егу жұмыстарын мерзімнен ертерек жүргізуді ұсынды.